20 килограммға дейінгі жүкті тағы да ұшақпен тегін тасымалдауға болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

20 килограммға дейінгі жүкті тағы да ұшақпен тегін тасымалдауға болады

444

Smiley face

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 2019 жылғы 28 маусымдағы бұйрығымен жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау ережесіне өзгерістер енгізді. Өзгерістерге сәйкес, әрбір жолаушы салмағы 20 кг аспайтын жолжүкті жүргізуге құқылы.

"Салонда жеке орын бермей тасымалданатын кәмелетке толмаған жолаушыларды қоспағанда, билеті бар әрбір жолаушыға салмағы 20 килограмнан аспайтын қол жүгі мен багажын тегін алып жүру белгіленеді. Әуе кемесінің салонына енгізілетін қол жүгінің жалпы салмағын және оның шекті көлемдерін тасымалдаушы белгілейді. Тегін тасымалданатын багаждың салмағын арттыруға және басқа да жеңілдіктерді белгілеуге тасымалдаушының қалауы бойынша жол беріледі", - делінген заңда.

Олар қол жүгі мен багажды өз бетінше тегін алып жүру салмағын, габариттерін және нормаларын орнатады.


Көзі: yunews.kz