Ауыл әкімі Атырау облысындағы су шаруашылығы ғимаратын тендерсыз тапсырды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ауыл әкімі Атырау облысындағы су шаруашылығы ғимаратын тендерсыз тапсырды

444

Smiley face

Атырау облысы Исатай ауданының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға заңсыз беру фактісін анықтады.

Аққыстау ауылдық округі әкімінің өкімімен елді мекеннің су шаруашылығы құрылысы тендер өткізбей "Қамысқала Су Арнасы" ЖШС сенімгерлік басқаруға берілді.

- ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімді басқаруға беру ережесіне сәйкес тек тендерлік негізде жүзеге асырылады, - деп хабарлайды Атырау облысының прокуратурасынан.

Қазіргі уақытта прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтар жойылды, құны 237,2 млн теңге болатын мүлік мемлекетке қайтарылды. Кінәлі адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Көзі: yunews.kz