Қазақстандық Диана Злобина Брестте жүзу бойынша турнирден алтын жеңіп алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық Диана Злобина Брестте жүзу бойынша турнирден алтын жеңіп алды

444

Smiley face

Брест қаласында (Беларусь) жүзуден халықаралық турнир басталды. Қазақстандық жүзушілер біліктілік қорытындысы бойынша төрт қашықтықта финалға өтті, онда Ақтөбедегі спортшы Диана Злобина алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz .

 Спортшы 400 метр қашықтықта кешенді жүзу бойынша үздік атанды. Ол Елизавета Радюк пен Оксана Большакованы (екеуі де - Беларусь өкілі) басып озды. Тағы бір қазақстандық спортшы Қорлан Әмірханова 100 метрлік еркін стильдегі жарыста бесінші нәтиже көрсетті. Анастасия Резванцева арқасынан 100 метр қашықтықта төртінші болып мәре сызығын кесті.

 


Көзі: yunews.kz