Еңбек министрлігі мен Chevron еңбек дауларына жол бермеу мәселелерін талқылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Еңбек министрлігі мен Chevron еңбек дауларына жол бермеу мәселелерін талқылады

444

Smiley face

Сәрсенбі, 3 шілде күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Chevron компаниясының Еуропадағы, Еуразиядағы және Таяу Шығыстағы барлау және өндіру жөніндегі президенті Тодд Левимен кездесті.

Кездесу барысында Теңіз мұнай-кен орны жобасында қауіпсіздікті және қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Бердібек Сапарбаев Chevron компаниясының елдің экономикалық дамуына және ірі әлеуметтік жобаларды іске асыруға қосып отырған елеулі үлесін атап өтті.

«Теңіз кен орнында болған жағдай ерекше бақылауға алынған. Қазақстан Республикасының заң нормаларының сақталуы, кемсітушілікті болдырмау, қазақстандық және шетелдік мамандардың еңбекақысындағы айырмашылыққа және кез-келген еңбек жанжалдарына жол бермеу - ең басты мәселе», - деп, атап көрсетті Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар, Еңбек министрі ТШО жобасын жүзеге асыруға тартылған мердігерлік компаниялардағы біліктілігі төмен шетелдік жұмыс күшінің үлесін қысқарту қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде Тодд Леви мердігерлік компаниялардың басшылық құрамында қазақстандық мамандар санын арттыру мәселесі көтерілетінін айтты. Сондай-ақ, еңбек ұжымдарында тиісті қарым-қатынасты қамтамасыз ету жөніндегі тәрбие жұмысы күшейтілетін болады.

«Ұсыныстардың бірі - біздің компаниямыздың басқарушы директоры кен орнына үнемі барып, еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесіп тұруы үшін қызметкерлер құрамынан комитет құру болып отыр. Осылайша, жұмысшылар тарапынан бізге деген сенім деңгейін көтергіміз келеді», - деді Т. Леви


Көзі: yunews.kz