Ойлан да байып кет! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ойлан да байып кет!

444

Smiley face

Сайысқа тіркелген 90-ға жуық команда қатысушыларының табандылығы, тапқырлығы мен қайсарлығы олардың қомақты сыйлықтарға ие болуына әкелгенін айта кету керек. Қатаң, бірақ ашық іріктеу нәтижесінде 11 жоба финалға өтті.

Олардың ішінде 3 команда жүлдегерлер қатарына ілікті. Жүлде қорының иегерлері де осы командалар болды, атап айтқанда:  «Biometric» - адамды биометриялық сәйкестендіруге арналған терминалдар. «Окоо» - балаларға арналған онлайн білім беру тұғырнамасы. «DotBot» - колл-центрлерге арналған жасанды ақылға ие чат-бот.

Зияткерлік марафонын қорытындылай келе, елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан – инновациялар қаласы екенін, бүгінгі стартап оның дамуына тағы бір үлес қосқанын ерекше атап өтті. Қала басшысы ұсынған 500 мың теңге мен Seedstars 3 айлық акселярациялық бағдарламасының сертификаты «Око» командасының жас таланттарын қуанышқа бөледі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев іс-шараның құрметті қонағы болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан қатысушыларды жарыстың аяқталуымен құттықтап, бүгінгі байқаудың қоржынында дүние жүзінің 70 мыңнан астап кәсіпкері бар Seedstars бақылауындағы халықаралық маңызы бар тұғырнама екенін атап өтті.

Smiley face

Тұңғыш Президент Қоры алдағы уақытта да инновацияларды Seedspace Nur-Sultan қалалық алаңында ғана емес, еліміздің ауқымында да қолдауға ниетті. Seedspace миллион теңге және Nur-sul  2 айлық акселярациялық бағдарлама жүлдесі DotBot стартапының дамуына жақсы демеу болады.

«Biometric» стартапының жұмысы арнайы сыйлықпен атап өтілді. Оларды әзірлеу парасат пен цифрлық дамудың батыл регенерациясы болып танылды және Seedstars жүлдесіне ие болды, яғни, олар өңірлік стартап-жобалар байқауына қатысады және Seedspace Nur-Sultan  алаңында Investment Readiness Program бағдарламасы бойныша өз дағдыларын 3 ай жетілдіру мүмкіндігі бар.

Байқау аяқталды, жұмыс жалғасуда және «Астана Innovations» басқармасының төрағасы Олжас Сартаев атап өткендей, өсу сатылары шексіз және компанияның қызметі осындай инновациялық идеялар мен олжаларды дамытуға әрі қалыптастыруға бағытталған. Біз ақылды және тұрақты қала үшін күресеміз.


Көзі: yunews.kz