Нұр-Сұлтандағы жекпе-жек сарайының құрылысы аяқталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтандағы жекпе-жек сарайының құрылысы аяқталды

444

Smiley face

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Жекпе-жек сарайының тұсаукесері өтті. Құрылысты "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат Қоры жүзеге асырды. Жобаның құны шамамен 19,5 млрд теңгені құрады. Жоба әкімшісі - "Samruk-Kazyna Construction" АҚ.

Айта кетейік, бірегей ғимаратта жекпе - жектің барлық түрлері-бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және т.б. бойынша халықаралық жарыстар өтеді. Сондай-ақ, жарысқа дайындық кезінде кешенде споршылар жаттығатын болады. Сонымен қатар, белсенді өмір салтын жақсы көретіндер де айналыса алады.

"Кешен халықаралық спорт федерацияларының стандарттары мен талаптарын ескере отырып салынған. Ғимарат құрылысы кезінде ең заманауи энерготиімді жылыту, желдету, кондиционерлеу және үй-жайды жарықтандыру жүйелерін қарастыратын инновациялық инженерлік шешімдер қолданылды. Жекпе - жек сарайы ғимараттарының бірегей үшбұрышы Қазақстанның бостандығы мен қуатының символы ретінде ұшып бара жатқан бүркіттің үлгісін бейнелейді", – деді нысандарды сатып алу және пайдалану департаментінің директоры Дархан Мұсанов "Samruk-Kazyna Construction"АҚ.

Көпфункционалды Арена алаңы 32 мың шаршы метрді құрайды, спорт залы 5 мың адамға есептелген. Кешен төрт қабаттан және бірнеше блоктардан тұрады – аренасы бар әмбебап спорт залы, оқу-жаттығу және спорттық-сауықтыру блогы, сондай-ақ қонақ үй. Сонымен қатар, кешенде 25 метрлік бассейн, фитнес-орталық және мини-футбол алаңы бар.


Көзі: yunews.kz