Оқу да, ақша да жоқ - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Оқу да, ақша да жоқ

444

Smiley face

Ақтөбе қаласында АҚШ пен Кореяға оқуға барғысы келген балалардың ата-аналары алаяқ келіншекке алданғандарын айтып, полицияға арыз берген. Олардың айтуы бойынша полиция 24 жастағы алаяқ келіншекті ұстады.

Оған сенген адамдар 700 мыңнан 2 млн. теңгеге дейін ақша берген. Мысалы, бір жағдайда АҚШ жоғары оқу орнына өз балаларын түсіргісі келген отбасы екі адамға 780 мың теңге берген.

Тағы үш жәбірленуші анықталды. Аталған деректер бойынша «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдікті Нұр-Сұлтан қаласында қолға түсті, ол елорданың да бірнеше тұрғынын алдап үлгерген.  

Күдікті келіншек тергеу изоляторына қамалды.


Көзі: Yunews.kz