Ақтауда егде жастағы еркек 7 қабаттағы балконнан құлаған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда егде жастағы еркек 7 қабаттағы балконнан құлаған

444

Smiley face

Қайғылы оқиға кеше күндіз Ақтау қаласындағы төртінші шағын ауданның №6 үйінде орын алған. Қарт ер адам 7 қабатта орналасқан балконнан құлап кетті. Оқиға орнына келген «Жедел жәрдем» дәрігерлері өлімді анықтады.

Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл факті Ақтау қаласының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі бойынша (адамды өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу) тіркелген. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу шаралары жүргізілуде.

Қазір полиция қызметкерлері бұл кездейсоқ құлау немесе ер адам өзіне-өзі қол жұмсағанын анықтау бойынша тергеу амалдарын бастады.


Көзі: Yunews.kz