Монғолия Иркутск облысының 100 баласын елдегі жазғы лагерьлерге орналастырады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Монғолия Иркутск облысының 100 баласын елдегі жазғы лагерьлерге орналастырады

444

Smiley face

Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга оның елі Иркутск облысындағы 100 ресейлік баланы жазғы лагерьлерге орналастыруға дайын екенін мәлімдеді,деп хабарлайды Президент баспасөз қызметінің ресми сайтында.

РИА Новости хабарлағандай, бұрын гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы Моңғолиядан Иркутск облысының аудандарына жіберілді. Моңғолия Президенті сондай-ақ Ресей мемлекетінің басшысы Владимир Путинге өңірдегі су тасқынына байланысты көңіл айтты.

ТЖ режимі Иркутск облысында су тасқынынан зардап шеккен алты ауданында әрекет етеді: Тулун, Чун, Нижнеудин, Тайшет, Зимин және Куйтун. Өңір үкіметінің соңғы мәліметтері бойынша, су тасқыны салдарынан 21 адам көз жұмды, тағы 14 адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин сәрсенбі күні Иркутск облысындағы су тасқыны федералдық ауқымдағы төтенше жағдай деп саналатын Жарлыққа қол қойды.


Көзі: Yunews.kz