Сеулде бес қабатты үй құлап, үш машинаны басып қалған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Сеулде бес қабатты үй құлап, үш машинаны басып қалған

444

Smiley face

Оңтүстік Кореяда Сеулдің оңтүстігіндегі ғимараттың құлауы салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости. Бес қабатты ғимарат төрт жолақты жолда келе жатқан үш машинаға құлап кетті.

Жол талғамайтын машинада келе жатқан екі әйел оқиға болған соң жарты сағат ішінде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Басқа екі жолаушы үш сағаттан астам седан көлігінде қалған. 31 жастағы ер адамды есінен танып қалған күйде, оның серіктесін – 29 жастағы әйелді автокөліктен алып шықты. Алайда бірнеше минуттан кейін дәрігер оның өлімін анықтады.

Өрт сөндірушілердің мәліметтеріне сәйкес, ғимарат бұзылып, жұмыстар сенбі күні басталған. Ғимараттың жертөлесінде болған төрт құрылысшы қауіпсіз жерге шығарылды.

Өрт сөндірушілер көшедегі бақылау камераларынан бейнекөріністі көріп, ғимараттың құлауы кезінде өтіп бара жатқан адамдарды байқамады. Іздестіру-құтқару жұмыстары оқыс оқиғаның басқа құрбандары жоқ екені расталғанға дейін жалғасатын болады.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер, полиция және жергілікті билік өкілдері жұмыс істеуде.


Көзі: Yunews.kz