Қызылорда облысында «АН-2» ұшағының экстремалды жағдайда қонуын авиакомпания жасырмақшы болған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қызылорда облысында «АН-2» ұшағының экстремалды жағдайда қонуын авиакомпания жасырмақшы болған

444

Smiley face

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылдың 2 шілдесінде «Дельта Юг» авиакомпаниясына тиесілі UP-А0199 тіркеу нөмірі бар «Ан-2» ұшағы Қызылорда облысының Шаған ауылында авиациялық-химиялық жұмыстарды орындау кезінде қонғаннан кейін (ұшақтың тұмсық бөлігіне аударумен) капотировкаға түсті. Ұшақтың зақымдары жоқ, экипаж және жер бетінде зардап шеккендер болмаған.

«Авиациялық оқиғаны тергеу жүргізгенге дейін жасырғаны үшін азаматтық авиация комитеті «Дельта Юг» авиакомпаниясына берген 2017 жылғы 3 наурыздағы №KAZ-02/039 авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің күшін тоқтатты. Сонымен қатар, Ан-2 ұшағын басқарған экипаж командирі А.Абдувалиев пені екінші ұшқыш А.Елеусізов ұшудан шеттетілді»,- деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz