Петропавлда субұрқаққа шомылған ер адам ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Петропавлда субұрқаққа шомылған ер адам ұсталды

444

Smiley face

Жақында Петропавлда әлеуметтік желі топтарында сауда үйлерінің бірінің жанында субұрқақта шомылған жартылай жалаңаш ер адамның бейнекөрінісі пайда болды. Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзушыны ұстады. Ол облыс орталығының 39 жасар тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі.

Қала тұрғыны сол кезде мас күйінде болғанын түсіндірді. Ол уақытша ұстау камерасына қамауға алынды, осы дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы бойынша «Ұсақ бұзақылық» әкімшілік материалы жасалып, Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Бұзақылықтан басқа, ер адам қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін де жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта құқық бұзушының жеке басын анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Осыған ұқсас жұмыстар Украинская көшесіндегі шыны аялдама павильонын бұзған белгісіз тұлғаларға қатысты да жүргізілуде.

Петропавл қаласының ТЖБ бастығының орынбасары Нұржан Қожағұловтың айтуынша, жыл басынан бері «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша 313 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Көзі: Yunews.kz