Қазақстанда қар барысын сақтау мен санын көбейту бойынша бірқатар шараларды іске аыру жоспарланып отыр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда қар барысын сақтау мен санын көбейту бойынша бірқатар шараларды іске аыру жоспарланып отыр

444

Smiley face

Нұр-Сұлтанда қар барысы популяциясын сақтау мәселелеріне арналған беделді халықаралық конференция өтті. Форумды Snow Leopard Foundation, қар барысын сақтау бойынша жеке халықаралық қоры ұйымдастырды.

Қордың негізін қалаушы және құрылтайшысы бір жыл бұрын ірі қазақстандық меценат, кәсіпкер және қоғам қайраткері Нұрәлі Әлиев болды. Конференцияның тақырыбы: «Қар барысын сақтау: популяциялардың жағдайы, ландшафттарды басқару және трансшекаралық ынтымақтастық». Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда ілбіс аталатын – қар барысы мекендейтін барлық елдерде осы көркем және сирек кездесетін жануарлардың популяциясын сақтау бойынша тиімді бірлескен тетіктерді әзірлеуді жалғастыру.

- Біз Қазақстанның елордасында ірі әлемдік қорлар мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ қар барысын қорғаумен айналысатын және территориясында барыс мекендейтін 12 елдің ең беделді ғалымдарын жинай алдық. Біз тәуелсіз Қазақстанның символы есептелетін осы жануарды сақтау үшін нақты қадамдар жасауды жоспарлап отырмыз, - деді Snow Leopard Foundation қорының құрылтайшысы Нұрәлі Әлиев.

- Атап айтқанда, БҰҰ Даму Бағдарламасының сарапшыларымен біз елімізде қар барыстары бойынша барлық ғылыми және статистикалық деректерді біріктіруге арналған бірыңғай әлемдік ақпараттық орталық құру жобасын талқылаудамыз. Нұр-Сұлтанда бастау беруге дайын тағы бір нақты жоба - ілбістің бірыңғай халықаралық гендік зертханасын құру. Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкістан, Моңғолия, Қытай, Үндістан, Непал, Бутан және Ресей сынды қар барысы мекендейтін барлық 12 елдің өкілдері қатысуда. Қазақстан астанасына БҰҰ Даму Бағдарламасының (UNDP), Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF), Snow Leopard Trust қорының, қар барысын және оның экожүйелерін сақтау жөніндегі Жаһандық Бағдарлама Хатшылығының (GSLEP), Халықаралық табиғат қорғау одағының (IUCN) және басқа да халықаралық ұйымдардың сарапшылары келді. Конференцияға Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев те қатысты.

Snow Leopard Foundation өкілдері қор қызметінің бірінші жылының нәтижелері туралы баяндады. Атап айтқанда, қаржылық және техникалық қолдауды қамтамасыз еткен қор қатысуының арқасында ҚР БҒМ Зоология институтының ғалымдары Іле Алатауындағы қар барысының потенциалды мекендейтін жерлерін зерттеді, фототұзақтар орнатты, алынған мәліметтер негізінде Алматы өңірінде мекендейтін популяцияның қазіргі күнгі таралуы мен санына қатысты мониторингтік зерттеулер жүргізді.

Конференция қатысушылары қар барысын өсіру және бейімдеу орталығының құрылыс перспективаларын талқылады. Орталықтың құрылысы үшін Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі территориясында барлық қажетті талаптарға сәйкес келетін учаске анықталды, қазіргі уақытта қор сарапшылары Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен бірлесіп ұйымдастыру мәселелерін талқылауда. WWF Орталық Азия бағдарламасының директоры Григорий Мазманянц Қызыл кітапқа енген жыртқыштың популяциясын сақтау және ұлғайту мақсатында қар барысы ареалының барлық мемлекеттері ынтымақтастығының қажеттілігін атап өтті.

«Қазақстанның үлесіне әлемдік популяцияның тек 3%-ы ғана келеді, бірақ бұл жеке топ емес. Қазақстан тарихи түрде экологиялық дәліз рөлін атқарды және бүгінде ареалды жекелеген фрагменттерге бөлу түрдің жойылуына алып келуі мүмкін. Сондықтан, Нұрәлі Рахатұлы Әлиевтің бастамасы Қазақстанның символы – осы бірегей аңды сақтау үшін өте маңызды», - деп атап өтті Григорий Мазманянц.

Конференция қатысушылары сондай-ақ Алматыда бірыңғай ақпараттық орталық құру жобасын талқылады, оның міндеттеріне жергілікті тұрғындар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барыс мекендейтін барлық аумақта тұратын жануарлар туралы толық ақпаратты қамтитын бірыңғай деректер базасын құру кіреді.

Деректер базасын құру процесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жоспарлануда. Осы технологиялардың арқасында сарапшылар жануардың терісіндегі сурет сияқты бірегей сипаттамаларға сүйене отырып, фотосуреттердегі барлық жеке бастарды сәйкестендіру бойынша анағұрлым нақты талдау жасай алады.

Бұдан басқа, базада генетикалық сараптама нәтижесінде алынған деректер қамтылатын болады.

 


Көзі: Yunews.kz