Норвегия экс-министрі босқын келіншектерге тиіскені үшін 5 жылға сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Норвегия экс-министрі босқын келіншектерге тиіскені үшін 5 жылға сотталды

444

Smiley face

 

Солтүстік Трумс соты Трумс провинциясының бұрынғы губернаторы және бұрын Норвегияның балық өнеркәсібі министрі болған Свейн Людвигсенді үш жас босқын келіншекті жыныстық қатынасқа түсуге итермеледі,  қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деп айыптады және оны бес жылға түрмеге қамау мен ірі айыппұлға үкім шығарды, деп хабарлайды РИА Новости.

Людвигсеннің ісі норвегиялық БАҚ-та кеңінен жарияланды. Экс-губернатор және экс-министр сот процесінде өз кінәсін мойындамады және үкімге шағым жасауға ниетті. Оның пікірінше, сот жалған дәлелдемелерді зерттеген. Ашық көздерден алынған ақпарат бойынша, Людвигсен 73 жаста, ол 2001-2005 жылдары Корольдіктің балық өнеркәсібінің министрі, «Әулие Олаф» орденімен марапатталған.

 


Көзі: Yunews.kz