Иран Сыртқы істер министрлігі Гибралтарда танкердің ұсталуына байланысты Ұлыбритания елшісіне қарсылық нотасын жолдады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Иран Сыртқы істер министрлігі Гибралтарда танкердің ұсталуына байланысты Ұлыбритания елшісіне қарсылық нотасын жолдады

444

Smiley face

Иран Сыртқы істер министрлігі Гибралтар бұғазында ирандық мұнай танкерін ұстауға байланысты Тегерандағы Ұлыбритания елшісі Роберт Макэрге наразылық білдірді, деп хабарлады Иран СІМ ресми өкілі Аббас Мусави.

Бұған дейін бейсенбіде Британдық Гибралтар билігі Сирияға шикі мұнай тасымалдаған супертанкерді құрықтаған болатын. Гибралтардың Бас министрі Фабиан Пикардо хабарлағандай, мұндай шаралар «Grace-1» кемесі ЕО-ның Сирияға қарсы санкцияларын бұзды деп ойлауға Гибралтар Үкіметіне ақылға қонымды негіз беретін ақпаратқа байланысты жасалды. Танкер АҚШ-тың өтініші бойынша ұсталды.

Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Аббас Мусави Британдық Елші бейсенбі күні Иран мұнай танкерін Ұлыбританияның әскери-теңіз күштері заңсыз ұстағаннан кейін Иран СІМ-не шақырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, Британия елшісіне Тегеран ЕО санкциясына байланысты Гибралтардағы танкерді ұстап алудың қолайсыз деп есептейтіндігі айтылды. Себебі олар БҰҰ шешімдеріне негізделмейді, ал ирандық танкерді ұстап алудың өзі өңірдегі шиеленістің ушығуына алып келуі мүмкін.


Көзі: Yunews.kz