Еңбек министрлігінде 7 миллион теңгеге офис жиһазын сатып алудың себебін түсіндірді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Еңбек министрлігінде 7 миллион теңгеге офис жиһазын сатып алудың себебін түсіндірді

444

Smiley face

 

Министрліктің баспасөз хатшысы Қанат Асқаров Еңбек министрлігінде 7 миллион теңгеге офис жиһазын сатып алудың себебін түсіндірді. 

«Кейбір ақпарат құралдарында Еңбек министрлігінің кеңсе жиһазын сатып алуы туралы ақпарат пайда болды. Осы жағдайды түсіндіргім келеді. Біздің министрлікте жиһаз 10 жылдан астам жаңартылмаған, соңғы рет жиһаздың негізгі бөлігін 2008 жылы сатып алған. Бүгінде кеңселік жиһаз 80% -дан астамы тозған. Сондықтан қызметкерлерге еңбек жағдайларын жасау үшін биылғы жылы 10 кеңсе жиһазын сатып алу жоспарланып отыр. Олар жұмыс креслоларын, үстелдерді, тумбаларды, құжаттар мен киімге арналған шкафтарды қамтиды. Барлығы 80 бірлік. Барлық жиһаздың жоғары құны 7 млн 142 мың теңге. Алайда, мемлекеттік сатып алу ережелері бойынша әлеуетті өнім беруші тауардың ең аз құны бойынша анықталатынын ескеру керек», - деп жазған Қанат Құлшманов және ескі жиһаздың фото дәлелін қоса ұсынған.

Ол жиһаз 10-15 жылда бір рет сатып алынатынын және күнделікті пайдаланылатынын ескере отырып, сатып алынатын тауар сапалы, қауіпсіз және берік болуы керек екенін хабарлады. Бұл ретте, әңгіме бұл қымбат салтанат заттары туралы емес. Жиһазды сатып алуға техникалық ерекшелік қолданылды, ол отандық өндіріс тауарларына қандай да бір артық шығынсыз сәйкес келеді, деді Еңбек министрлігінің баспасөз хатшысы Қанат Асқаров.


Көзі: Yunews.kz