"Қазавтожол" республикалық автожолдар бойындағы кәсіпкерлерге 650 алаң бөлді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

"Қазавтожол" республикалық автожолдар бойындағы кәсіпкерлерге 650 алаң бөлді

444

 Smiley face

Бүгін "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ұлан Әліпов пен "Baiterek Venture Fund" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Жандар Құтбай ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Компаниялар Сбербанк, Форте Банк, ЦентрКредит Банк, Альфа-банк, ВТБ сияқты екінші деңгейлі банктермен бірге "Baiterek Venture Fund" жүзеге асырылатын капиталға жеңілдікті қаржыландыру бағдарламасы аясында ынтымақтасуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР МИИР баспасөз қызметі.

Бағдарлама екі бағытта жүзеге асырылуда: Корпоративтік бизнесті қолдау және ШОБ дамыту. Бағдарлама аясында ШОБ өкілдері үшін, соның ішінде жол бойындағы сервис объектісін ашуды жоспарлап отырған адамдар үшін қаржыландырудың тартымды шарттары қарастырылған: сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8% - ға дейін, инвестиция сомасы-10 жылға дейінгі мерзімге 1 млрд теңгеге дейін. Қаржыландыру түрлі салалардағы жобаларды, соның ішінде инфрақұрылым, қызмет көрсету және туризм саласындағы жобаларды ала алады.

Өз кезегінде "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ кәсіпкерлерге республикалық автожолдар бойындағы 650 алаң бөлді. Ұлттық стандартқа сәйкес А, Б, С және Д категорияларына сәйкес шағын және орта бизнес өкілдері шағын асхана немесе автотұрақ орындары, қонақ үйлер мен дүкендері бар үлкен кешендер аша алады.


Көзі: yunews.kz