Қарағанды мамандандырылған ХҚКО күшейтілген режимде жұмыс істейді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды мамандандырылған ХҚКО күшейтілген режимде жұмыс істейді

444

Smiley face

Соңғы 3 күнде Қарағанды мамандандырылған ХҚКО күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл ҚР ІІМ 1 шілдеден бастап жаңа веб-модульді іске қосуына байланысты, бұл мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің іркілісуіне алып келді және бүкіл Қазақстан бойынша мамандандырылған ХҚКО-ның жұмысын іс жүзінде тоқтатып қойды, деп хабарлайды Қарағанды облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы.

Қарағанды облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемкорпорациясының филиалы қалыптасқан жағдайға байланысты кезекті босату жөнінде бірқатар шаралар қабылдады.

Мәселен, арнайы ХҚКО-да құжаттарды қабылдау бойынша жұмыс орындарының саны артты, портал арқылы автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтерді ресімдеу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету секторларына қосымша кеңесшілер бөлінді egov.kz көрсетілетін қызметті алушыларға тегін ауыз су мен салқын сусын таратады. Мамандандырылған ХҚКО соңғы клиентке дейін жұмыс істейді.

"Мамандандырылған ХҚКО-ның жұмысы ҚР ІІМ ақпараттық жүйені орнатқаннан кейін жолға қойылады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және азаматтарға түсінік беруді сұраймыз", - делінген хабарламада.


Көзі: yunews.kz