3,5-тен 7,2 млрд теңгеге дейін алқап зиянкестеріне қарсы күреске бөлінеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

3,5-тен 7,2 млрд теңгеге дейін алқап зиянкестеріне қарсы күреске бөлінеді

444

Smiley face

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров aитосанитарлық қауіпсіздік жағдайы туралы хабардар етті.

Аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 12 аса қауіпті зиянды организмдерге және 11 карантиндік объектілерге қарсы іс-шараларға 3,5-тен 7,2 млрд теңгеге дейін бөлінеді.

Зиянды организмдер мен карантиндік арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жүргізіледі.

2019 жылы аса қауіпті зиянды организмдердің таралуы 3,9 млн га алаңда болжануда;

- дәнді дақылдар аурулары-2,3 млн га;

- үйірлі шегіртке зиянкестері 950,4 млн га (итальяндық прус – 570,3 мың га, азиялық шегіртке-206,5 мың га және мароккқа - 173,6 мың га);

- 562,8 мың га сұр астық қалайы.

Мароккалық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу толығымен аяқталды. 7,3 мың га өңделді, оның ішінде Түркістан облысында 5 мың га және Жамбыл облысында 2,3 мың га.

Итальяндық прус пен азиялық шегірткеге қарсы қорғаныс шаралары жалғасуда. Итальяндық прусқа қарсы 341,7 мың га, азиялық шегірткеге қарсы 133,2 мың га өңделді.

Сондай – ақ, негізгі астық егетін өңірлерде 1,7 млн. га алқапта дәнді дақылдардың ауруларына қарсы химиялық өңдеулер жүргізуге кірісу жоспарлануда, Ақмола облысында – 739,7 мың га, Қостанай облысында-438,1 мың га және Солтүстік Қазақстан облысында – 574 мың га.

Министрлік егістіктің бүлінуіне және өнімнің жоғалуына жол бермеу жөнінде нақты шаралар қабылдауда.

Көршілес мемлекеттер тарапынан кінәраттарды болдырмау мақсатында ҚХР-мен, Ресеймен, Өзбекстанмен және Қырғыз Республикасымен шекаралас аумақтарда шегіртке зиянкестерін анықтау үшін, сондай-ақ бірлескен хаттамалар мен тексеру актілерін жасай отырып, жүргізілген өңдеулердің тиімділігін анықтау үшін бірлескен зерттеулер жүргізіледі.


Көзі: yunews.kz