Атырау облысының Азғыр ауданы газбен толық қамтылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырау облысының Азғыр ауданы газбен толық қамтылды

444

Smiley face

Құрманғазы ауданының Азғыр өңіріне газ құбыры тартылып, іске қосылды деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шараға арнайы қатысқан Атырау облысы əкімінің орынбасары Айбек Қрамбаев салтанатты түрде алауды жағып, өңірдің тұрғындарын осы қуаныштарымен - Азғыр өңірінің көгілдір отынмен қамтылуымен құттықтады.

-Бүгінгі күн Азғыр өңірінің көптен күткен мерейлі күні. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің шекара маңындағы аудандарды дамыту жəне сол елдегі халықтың тұрмысын жақсарту тапсырмасы бойынша жоба жүзеге асуда. Сол кездегі облыс əкімі болған Бақтықожа Ізмұхаметовтің бастамасымен, қазіргі таңда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев бұл жұмыстардың əрі қарай жүзеге асуын қолға алып, бүгінде Азғыр өңірі толық қанды газбен қамтылып отыр. Көгілдір отын осы өңірдегі халықтың тұрмыс-тіршілігіне, шағын жəне орта бизнестің дамуына септігін тигізетіні сөзсіз, - дейді Айбек Қыранбаев.

Азғыр өңіріне газ құбырын тарту жұмыстары 2017 жылы бастау алып, қазіргі таңда толықтай аяқталды. Жоба НКОК компаниясының демеушілігімен іске асырылды.
«Бұл ауқымды жоба. Азғыр өңіріне тартылған газ құбырының ұзындығы 365 шақырым, сондай-ақ, ауылішілік құбырлар - 68 шақырым. Барлық тұрғындардың аулаларына газ құбырлары тартылды. Əрі қарай əр тұрғын өз үйіне тарту үшін құжаттарын реттеп, қондыратын болады. Азғыр өңіріне көгілдір отын тартылғасын, облыс бойынша газбен қамту көрсеткіші 98,2 % көрсетіп отыр»,- деді Атырау облысы энергетика жəне тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Иғалиев.


Көзі: yunews.kz