Қызылорда облысына жөндеу үшін Арыс қаласындағы 254 үй мен 15 нысан бөлінген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қызылорда облысына жөндеу үшін Арыс қаласындағы 254 үй мен 15 нысан бөлінген

444

Smiley face

Қызылорда облысына Арыс қаласының 254 үйі мен 15 нысанын жөндеуден өткізу жүктелген болатын, оның ішінде 9 үй қалпына келтірілді. Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов жұмыс сапарымен Түркістан облысы Арыс қаласына арнайы барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.

Еске саламыз, Қызылорда облысына 14 көше бөлінген еді, онда 254 жеке үй, 5 әлеуметтік және 10 коммерциялық нысан орналасқан.

1 шілдеден бастап үйлердің есік-терезелерін және шатырларын ауыстыру басталды, құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес тиісті деңгейде жүргізілуде. Бүгінгі күні 9 үй толық қалпына келтіріліп, 74 үйде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Арыс қаласында Сыр өңіріне бөлінген нысандарды жөндеу жұмыстары туралы журналисттерге сұқбат берді.

«Түркістан облысының Арыс қаласындағы төтенше және қайғылы жағдай ешкімді бейжай қалдырмады. Қазақ халқы қиын сәтте әрқашан бір-біріне қолдау көрсеткен. Қайғылы хабарды естігенде Сыр өңірінің тұрғындары зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қолдан келгенін  аяған жоқ. Алғашқы күннен бастап қызылордалықтар арнайы қорға ақша аударып, гуманитарлық көмек жинауға кірісті. Сондай-ақ, үйлерді қалпына келтіруге облыстан еріктілерден құралған арнайы топ келіп жұмыс істеді», - деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, 28-30 маусым аралығында мемлекеттік органдар, құрылыс, жобалау, техникалық қызмет мамандарынан құралған 66 адамнан тұратын топ бөлінген аумақтағы ғимараттар мен құрылыстардың зардап шығындарын анықтау жұмысын жүргізді. 5 әлеуметтік бағыттағы және 10 коммерциялық нысанның жөндеу жұмыстары ірі құрылыс компанияларына бекітілген. Сонымен қатар, бір тұрғын үйді бұзу, тегістеу жұмыстары атқарылды.

«Бұл жұмыстарға Қызылорда облысының 20 құрылыс компаниясынан 4 топ бөлінген. Қазіргі таңда 96 жұмысшы жөндеу жұмыстарымен айналысуда. Жоспарға сәйкес шілде айының соңына дейін жөндеу жұмыстары толығымен аяқталады. Жалпы, 2019 жылдың 25 маусымы мен 1 шілдесі аралығында Арыс қаласының тұрғындарына Қызылорда облысынан 38 тоннадан астам гуманитарлық көмек, яғни киім-кешек, азық-түлік және т. б. тұрмыстық заттар жіберілді», - деді облыс әкімі.


Көзі: Yunews.kz