Қарағанды облысы Арыс қаласының тұрғындарына көмектесуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысы Арыс қаласының тұрғындарына көмектесуде

444

Smiley face

Қарағандылықтар оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан кейін бүлінген үйлерді қалпына келтіруде. Қазір Арыс қаласында Қарағанды өңірінен 200-ге жуық маман жұмыс істеуде, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жөндеу жұмыстары үшін бүлінген үйлерде терезелерді, шатырларды, есіктерді ауыстыру қажет. Қалпына келтіру жұмыстарынан басқа, демеушілік қаражат есебінен Қарағанды облысы қаланың бір ауданында тренажерлары бар спорт алаңын орнатады. Аулалық аумақты екі апта ішінде абаттандыру жоспарлануда.  Қарағандылықтар зардап шеккендерге, соның ішінде шығынды бағалау және өтемақы алу үшін құжаттар жинаумен көмектеседі.

Принтерлер мен компьютерлермен жабдықталған қабылдау пункттері тікелей тұрғын үйлердің аулаларында ашылды. Олар демалыссыз жұмыс істейді.

Жалпы қарағандылықтар Арыс қаласында 591 пәтерді қалпына келтіруде.


Көзі: Yunews.kz