Атырау облысында балалалар лагеріндегі 150 бала зақымдалған ғимараттан шығарылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырау облысында балалалар лагеріндегі 150 бала зақымдалған ғимараттан шығарылды

444

Smiley face

Атырау облысында құйынды жел сауықтыру лагерінің шатырын жұлып әкетті. 150 бала қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше оқиға балаларға арналған «Тұлпар» сауықтыру лагері орналасқан қала маңындағы Бесікті ауылында болды.

«Нөсерлі жауынмен бірге келген дауылды жел үш корпустың шатырын көкке ұшырды. Бұл уақытта балалар ғимараттың ішінде болған. Зардап шеккендер жоқ. Барлық 150 баланы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Батыс өңірлік аэромобильдік шұғыл-құтқару жасағының» қызметкерлері қауіпсіз жерлерге эвакуациялады», - деп мәлім етті өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті.


Көзі: Yunews.kz