Путин Назарбаевты туған күнімен құттықтады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Путин Назарбаевты туған күнімен құттықтады

444

Smiley face

РФ Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтауында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тәжірибесі еуразиялық кеңістіктегі одақтастықты дамытуға қажет болатынына сенім білдірді, деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының баспасөз қызметі.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті 6 шілдеде 79 жасқа толды. Оның сайтында Путин Назарбаевты туған күнімен құттықтаған. «Сіздің бай тәжірибеңіз, саяси даналығыңыз және үлкен біліміңіз еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістер желісі бойынша стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарын дамыту ісінде алдағы уақытта да толық көлемде сұранысқа ие болады деп сенемін», - делінген құттықтауда.


Көзі: Yunews.kz