Құсқа тыйым салынды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Құсқа тыйым салынды

444

Smiley face

ТАСС хабарлағандай, Ресей Қазақстанның бір өңірінің құс етін жеткізуге тыйым салды. Тыйымды Россельхознадзор осы жылдың 4 шілдесінен бастап енгізді.

Себебі өңірде Ньюкасл ауруы тіркелуі. Тірі құс пен инкубациялық жұмыртқаға, құс еті және жылу өңдеуден өтпеген құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлеріне тыйым салынды.

Сонымен қатар, ТАСС хабарлағандай, Қарағанды облысынан құс шаруашылығы өнімдерін Ресей аумағы арқылы транзиттеуге тыйым салынған. Ньюкасл ауруы – құстардың вирустық ауруы. Адам денсаулығына қауіп төндірмейді. Дегенмен, жұқтырылған құстармен байланыс тұмау сияқты симптомдарды тудыруы мүмкін.


Көзі: Yunews.kz