Орталық Азия елдері электр энергиясының ортақ нарығын құрмақшы - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Орталық Азия елдері электр энергиясының ортақ нарығын құрмақшы

444

Smiley face

 Орталық Азия мен Ауғанстан елдері электр энергиясының ортақ нарығын құруға ниетті, деп хабарлады Өзбекстан Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жақында Стамбулда Энергетика реформасы бойынша екінші Орталық Азия конференциясы өтті, оған мемлекеттік энергетикалық компаниялар мен аймақ пен Ауғанстан елдерінің энергетика министрліктерінің басшылары қатысты.

«Конференция қорытындысы бойынша энергетикалық реформалар мен электр энергиясының бірыңғай нарығын құру саласындағы аймақтық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен декларацияға қол қойылды», - делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, АДБ өңір елдерінің энергия жүйелерін ықпалдастыру мәселелерінде тығыз өзара іс-қимыл және ынтымақтастық бойынша аймақ елдеріне жәрдемдесуге дайын екенін білдірді, деп хабарлады РИА Новости.


Көзі: Yunews.kz