Қарағандыдағы жол-көлік оқиғасы: жас қыз ауруханада жатыр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағандыдағы жол-көлік оқиғасы: жас қыз ауруханада жатыр

444

Smiley face

Қарағандыда Жауынгер-интернационалистер көшесіндегі жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жас қыздың жағдайы өте ауыр. Қазіргі уақытта 15 жасар тұрғынға Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығының дәрігерлері көмек көрсетуде.

Қыз баланың бас жарақаты, аяқ-қолдың ашық сынуы және кеуде қуысының жарақаты, жарақаттанушылық шок бар, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«5 шілдеде «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі Жауынгер-интернационалистер көшесінің бойымен келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан 15 жастағы қызды қағып кетті. Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде», деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz