Пекин әуежайында 600-ға жуық рейстің ұшуына тыйым салынды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Пекин әуежайында 600-ға жуық рейстің ұшуына тыйым салынды

444

Smiley face

Сенбі күні Пекиндегі «Шоуду» халықаралық әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты 600 рейс тоқтатылды, деп хабарлайды РИА Новости. Синоптиктердің болжамына сәйкес, сенбі күні Қытай астанасында күні бойы найзағай ойнап, толассыз жаңбыр жауады деп болжанды.

«Шоуду» әуежайы сағат 00.00-ден 23.59-ге дейін 1995 рейс қабылдап, 2021 рейс жіберуді жоспарлады, оның ішінен 265 ұшып шығу және 317 ұшып келу тоқтатылды. Онлайн-таблоның мәліметтеріне сәйкес, «Аэрофлоттың» және «Орал әуе желілерінің» рейстері кесте бойынша орындалуда. S7 әуекомпаниясының 2 рейсі тоқтатылды – Гуанчжоуда және Шанхайда.


Көзі: Yunews.kz