Семей қаласының тұрғындары елорда күнінде велошеруге шықты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семей қаласының тұрғындары елорда күнінде велошеруге шықты

444

Smiley face

Велошеруге 100-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Велошеруге қатысушылар қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. Жалпы бағыт 4 шақырымды құрады. Велошеруге студенттер мен аға буын өкілдері қатысты. Олардың арасында 62 жастағы Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Саниярбек Тәуірбекұлы да бар. Ол бірінші болып мәреге жетті.

«Елорда күніне орай веложарыс ұйымдастырылатынын біліп, мен оған қатысуға қуана келістім. Өйткені велоспортпен бала кезімнен айналысамын. Бұл өте пайдалы спорт түрі. Жастарды велосипедті жиі тебуге шақырғым келеді», - деді Саниярбек Тәуірбекұлы.

Айта кету керек, автошеруді өткізуге Семей қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бастамашы болды.

«Мен барша қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтағым келеді. Бұл мерекелік велошеруге біздің ұйымның 40-қа жуық маманы қатысты. Бізде жеңілген бірде-бір қатысушы болмайды, бұл акцияға қатысу біз үшін Жеңіс!»- деп атап өтті № 1 ХҚКО бөлімінің басшысы Гүлнар Идришева.

Астана күніне арналған мерекелік концерт өтті.


Көзі: Yunews.kz