Арыста бүгінгі күнде 271 үйді қалпына келтіру жұмысы жүргізілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Арыста бүгінгі күнде 271 үйді қалпына келтіру жұмысы жүргізілді

444

Smiley face

2019 жылғы 6 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысы Арыс қаласында 271 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Өткен тәулікте 35 үйде жұмыс аяқталды.

Қазір 1,6 мың ЖТҚ және КПТҮ объектілерінде 150 құрылыс компаниялары жұмыс жүргізуде. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметі бойынша 33 үй қайта салынады. Арысты қалпына келтіру бойынша ауқымды іс-шараға еліміздің барлық өңірлері мен Республикалық маңызы бар қалалар қатысады. Құрылыс алаңдарында барлығы 3000-нан астам құрылысшы еңбек етеді. 150 бірлік арнайы техника жұмылдырылуда.

Еске саламыз, Арыс қаласындағы үйлердің 85%-ы жөндеуді қажет етеді. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.

Қаладағы үйлердің мониторингі мен құрылыс барысын бақылау күн сайын жүргізіледі.


Көзі: Yunews.kz