Бердымұхамедов жалақы көтеру туралы жарлыққа қол қойды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бердымұхамедов жалақы көтеру туралы жарлыққа қол қойды

444

Smiley face

 

Түркіменистанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақы мен басқа да төлемдер 10% көтеріледі, деп хабарлады РИА Новости.

Жарты жылдың қорытындысы бойынша Түркімен Үкіметінің кеңейтілген отырысында тиісті жарлыққа ел Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойды.

Президент Жарлығы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер, шаруашылық есеп кәсіпорындары мен қоғамдық бірлестіктер қызметкерлерінің айлық жалақысының мөлшерін 10% -ға арттыруды көздейді. Сондай-ақ, студенттер мен тыңдаушылардың стипендиялары, зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері 10% - ға артады.

Мемлекет басшысының Жарлығы жалақы мөлшерін ұлғайтуды мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың құрылымын жетілдіру, өндірістік қуаттарды пайдалану тиімділігін және қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыру, пайдаланылмаған ішкі резервтерді іске қосу есебінен қамтамасыз ететін болады.


Көзі: Yunews.kz