Индияда микроавтобус жүк көлігімен соғылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Индияда микроавтобус жүк көлігімен соғылды

444

Smiley face

Үндістанның солтүстігінде Уттар-Прадеш штатында үлкен жылдамдықпен келе жатқан жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан 8 адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті, деп хабарлады РИА Новости. Шағын автобустың жүргізушісі басқа көлікті басып озбақшы болғанда, қарсы келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан.

Хабарланғандай, микроавтобустың сегіз жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, екеуі ауыр жарақат алып, жергілікті ауруханаға жеткізілді. Одан әрі тергеу жүргізілуде. Құқық қорғау органдары жасырынған жүк көлігінің жүргізушісін іздестіруде. Жергілікті БАҚ ақпараты бойынша, қаза тапқан бес адам мектепке жұмысқа бара жатқан мұғалімдер болған.


Көзі: Yunews.kz