Семейде Домбыра күні бірінші туған сәбиге домбыра сыйлады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семейде Домбыра күні бірінші туған сәбиге домбыра сыйлады

444

Smiley face

Семейде қала жұртшылығы Домбыра күнін кеңінен атап өтті. 7 шілдеде туған сәбиге қалалық перинаталдық орталықта ұлттық құрал домбыра сыйға тартылды. Бұл символдық сыйлықты қалалық Достық үйі жасады.

«Біз жас ананы төртінші баланың тууымен құттықтаймыз. Домбыраның күні туған сәбиге қазақ халқының тамаша ұлттық аспабы домбыраны сыйлағымыз келеді», - деді қалалық Достық үйінің басшысы Надежда Шарова.

Жарма ауданынан перзентханаға түскен Әлмира Рахметжанова осы мереке күні дүниеге ұл бала әкелді. Ол ұлын Заңгар деп атады.

«Менің ұлым домбырашы болатын шығар. Ол осы тамаша мереке – Домбыра күні дүниеге келді. Біз Заңғарымыздың судья болғанын қалаймыз, сол себепті оған арнайы осындай ат қаладық», - деп өз әсерімен бөлісті сәбидің анасы.

Перинаталдық орталық та шет қалмады. Медициналық мекеме қызметкерлері отбасына балалар кереуетін сыйлады.

Бұл күні «Бейбітшілік» аралында 200-ге жуық домбырашы бір уақытта 7 белгілі қазақ күйін орындады. Акцияға Семей мен жақын маңдағы ауылдардан келген музыканттар қатысты.

Қала тұрғындары мен қонақтары Абай мен Құрманғазының шығармаларын тыңдап қана қоймай, домбырада ойнайтын шеберлік сыныптарына қатысып, музыкалық аспаптар көрмесін тамашалады.


Көзі: Yunews.kz