Маңғыстау облысында екі еркек ашық теңізде түні бойы катамаранда өткізген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Маңғыстау облысында екі еркек ашық теңізде түні бойы катамаранда өткізген

444

Smiley face

Маңғыстау облысының Кендірлі кентіндегі «Самал» базасынан екі демалушы катамаранда демалуға шешім қабылдаған. Олардың мінген катамараны теңізде тұрған күшті желден ашық теңізге шығып кеткен.

«Бізге көмек көрсету туралы хабар түнгі сағат 11-де түсті. Құтқару жасағы іздеуге шықты. Біздің қызметкерлер катамаранды таңертең ғана тапты. Екі ер адам аман - есен жағаға жеткізілді. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнбеген», - деп хабарлады Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқару операциясына Кендірлі кенті құтқару жасағының бастығы Қанат Лұқпанов және құтқарушы Жоламан Молдабеков қатысқан. Олардың айтуынша, табылған ер адамдар қатты қорқа қоймаған. Себебі олар алкогольді ішімдік ішкен екен.


Көзі: Yunews.kz