Тоқаев Ауғанстан Президенті мен ауған халқына лаңкестік актіге байланысты көңіл айтты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Тоқаев Ауғанстан Президенті мен ауған халқына лаңкестік актіге байланысты көңіл айтты

444

Smiley face

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанның Газни қаласындағы террористік актіге байланысты ел президенті Ашраф Ғани Ахмадзай мен ауған халқына көңіл айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат Президенттің Twitter парақшасына сілтеме жасап.

«Ауғанстан президенті Ғани мырзаға және ауған халқына Газни қаласындағы көп адамның өліміне себепші болған террористік актіге байланысты қайғырып көңіл айтамын», - деп жазды Мемлекет басшысы.

Өткен жексенбі күні Ауғанстанның шығысындағы Газни қаласында болған жарылыстан 12 адам қаза тауып, 179 тұрғын зардап шеккен болатын.


Көзі: Yunews.kz