Германияда бомба салдарынан 16 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Германияда бомба салдарынан 16 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілді

444

Smiley face

 Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған бомбаны залалсыздандыруға байланысты Германияның Майндағы Франкфурт қаласынан 16 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады РИА Новости.

500 килограмм салмақтық бомба Еуропалық орталық банк ғимаратының жанында құрылыс жұмыстары кезінде табылған. Басылымның мәліметі бойынша, залалсыздандыруға дайындық бірнеше күнге созылды.

Ауданның алғашқы тұрғындары сенбі күні таңертең шығарылды, алайда тұрғындардың негізгі бөлігі жексенбі күні көшірілген. Эвакуация сондай-ақ қалааралық қозғалысқа әсер етті, поездар айналып өтуге мәжбүр, бұл 40 минуттық кідіріске алып келеді. Трамвайлар мен автобустар қозғалысы шектеулі. Германияда ең үлкен әуежайда өзгерістер болды. Әуе кеңістігінде қозғалыс шектелді және ұшқыштарға эвакуация аймағынан айналып ұшуға тура келеді.


Көзі: Yunews.kz