Арыстағы төтенше жағдай: Қорғаныс минстрлігінің бас инспекциясы ішкі қызметтік тергеуді бастады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Арыстағы төтенше жағдай: Қорғаныс минстрлігінің бас инспекциясы ішкі қызметтік тергеуді бастады

444

Smiley face

 

Өңірдегі жұмыс сапары барысында әскери ведомство басшысы генерал-майор Нұрлан Ермекбаев Арыс маңын қарап, арсенал мен іргелес жатқан аумақты, сондай-ақ оқ-дәрілер қалдықтарын жою бойынша полигонды тексерді деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жұмыс жүріп жатқан жерде оқ-дәрілер қалдықтарын тазарту жөніндегі шараларды орындап жатқан инженерлік-саперлік, материалдық-техникалық бөлімшелер және әскери өрт сөндірушілер жеке құрамымен қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқама жүргізілген.  

Қорғаныс ведомствосының басшылығы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Бірінші кезекте адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Екінші кезекте, оқ-дәрілердің бөліктерін іздестіру және шығару бойынша жұмыстарды атқарып жүрген әскери қызметшілердің қауіпсіздігін сақтау.

Сондай-ақ қолайсыз ауа-райында тәулік бойы жұмыс істеп жатқан ҚР ҚК бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесу өтті. Жоғарғы Бас қолбасшы атап өткендей, төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі әскери қызметшілердің жұмысы жауынгерлік тапсырманы орындауға байланысты. Төтенше жағдай себептерін айқындау бойынша ішкі қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу үшін Н.Ермекбаевпен бірге ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының комиссиясы келді.  

Еске саламыз, осы өңірде жарылмаған оқ-дәрілерді тиеу және шығару, сондай-ақ оқ-дәрілердің қалдықтарын жою жөніндегі жұмыстар басталғанын хабарлаған болатынбыз. Қала тұрғындары үшін аталған жұмыстар еш қауіп туғызбайды. 

 


Көзі: Yunews.kz