Ер адам көпірден секіріп, Сайран көліне батып кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ер адам көпірден секіріп, Сайран көліне батып кетті

444

Smiley face

Алматы қаласындағы Сайран көлінде су патрульдеу кезінде демалушылар көмекке жүгінді, олар көпірден секіріп кеткен Төле би көшесі жағындағы адамды байқағанын айтты. Құтқарушылар оқиға орнына тез арада барып, іздеуге кірісті.  Ұзақ іздегеннен кейін ер адамның денесі көлдің батыс бөлігінде табылды. Оқиға жағдайын анықтаумен уәкілетті органдар айналысады,деп хабарлайды Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, суға шомылу маусымы басталғаннан бері Сайран көлінде құтқару қызметі бекеті қойылған. Сонымен қатар, "аэропорт" (Алматы) көлінде ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ құтқарушыларының кезекшілігі ұйымдастырылды.

Smiley face

Суға шомылу маусымы басталғаннан бері Сайран көлінде Алматы қаласы құтқару қызметінің сүңгуірлері екі адамды құтқарды.

Қауіпсіз мінез-құлықты насихаттау және судағы қайғылы оқиғалардың (адамдардың қаза болуы) санын азайту мақсатында ТЖД, Алматы қ.ТЖД қызметкерлері волонтерлермен бірлесіп адамдардың жаппай демалатын орындары бойынша күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Осындай 60-тан астам рейд жүргізілді, 1800 жадынама берілді, 1800 адамға нұсқау берілді. Сонымен қатар, 364-бап "ортақ су пайдалану ережелерін бұзу" бойынша 4 әкімшілік хаттама (жеке тұлғалардың ескертуі) жасалды.

Бірлескен іс-шаралар барысында демалыс орындарында олар су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ ересектерінсіз су үстіндегі жас балаларды анықтайды.


Көзі: yunews.kz