Погондардағы адамдар кімге қамқорлық көрсетті? - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Погондардағы адамдар кімге қамқорлық көрсетті?

444

Smiley face

Өткен аптада бірнеше полиция қызметкерлеріне қатысты айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.

Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының үкімімен жол-патрульдік полиция полкі ротасының командирі полиция майоры М. Каскин айыппұлға сотталды. Ол жеке тұлғадан жалпы қамқорлығы мен жүк автокөліктерінің кедергісіз жүріп өтуі үшін пара алды.

Қостанай қаласының № 2 сотының үкімімен билікті асыра пайдалану және бағынышты қызметкерлерден жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактілері бойынша Жетікара қ.полиция бөлімінің ЖПҚ бөлімшесінің бастығы полиция майоры Қ. Ысқақов 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осы сотпен жеңгетайлықпен айналысқан адамдардың қылмыстық әрекетіне қамқорлық көрсету арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін облыстық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі полиция майоры М. Ерболұлы мен полиция капитаны А. Сақтов 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен Үлбі полиция бөлімінің аға тергеушісі Д. Алқанов 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

 Аталған адамдар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ полиция офицерлерінің арнаулы атақтарынан айырылған.

Айыппұлға сотталғандарға сот оларды төлеу үшін әр түрлі мерзімдерді белгіледі және айыппұл төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылатыны түсіндірілді.


Көзі: yunews.kz