Алматы халықаралық әуежайында темекі шегушілерге арналған аймақ ашылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы халықаралық әуежайында темекі шегушілерге арналған аймақ ашылды

444

Smiley face

Темекі шегуге арналған аймақтың ашылуы туралы Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Ішкі ұшу залында темекі шегуге арналған аймақ ашылды. Тексеру аймағынан кейін жинақтағыш арқылы тікелей өтіп, әрі қарай лифтке немесе баспалдақпен бірінші қабатқа 6 гейтке қарай түсіріңіз", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ темекі шегушілер халықаралық рейстер залының бірінші қабатында және терминалға кірер алдында вокзал маңындағы алаңда арнайы бөлінген орынды пайдалана алады. Әуежайдың қалған аумағында темекі шегуге тыйым салынады.


Көзі: yunews.kz