Арыс қаласында 434 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Арыс қаласында 434 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді

444

Smiley face

Арыс қаласында атышулы жарылыстардың қорытындысы бойынша мыңдаған ғимарат қалпына келтіруді талап етеді. Қазіргі таңда 434 үй қалпына келтірілді,деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қаланы қалпына келтіруге 191 ұйым, 4 мыңнан астам құрылысшы және 185 бірлік техника жұмылдырылды.

Елбасы мен ҚР Президенті Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, барлық ғимараттар 1 тамызға дейін қалпына келтірілуі тиіс.  

Smiley face

Құрылыс барысын бақылауды күн сайын ҚР МИИР вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Арыс 17 секторға бөлініп, әр өңір мен Республикалық маңызы бар қалаға бөлінген. 2019 жылғы 6 шілдеде Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек вице-министр МИИР Қайырбек Өскенбаев пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен әкімдік өкілдерімен кеңес өткізіп, жауапты тұлғаларды қаланы қалпына келтіру қарқынын жеделдетуді сұрады.


Көзі: yunews.kz