«Ғашықтар» саябағында кофе-машина ұрламақ болған жігіт ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Ғашықтар» саябағында кофе-машина ұрламақ болған жігіт ұсталды

444

Smiley face

Елордада, түнгі уақытта «Ғашықтар» саябағын патрульдеу кезінде  «Есіл» аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары 39 жасар қала тұрғынын ұстады. 

Қолға түскен азамат Тұран даңғылының бойында орналасқан  күндіз кофе сататын  дүңгіршектің шынысын сындырып, қымбат тұратын кофе машинаны ұрламақ болып жатқан жерінде қолға түсті. Күдікті  өз қылмысын мойындады. Оның бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды.

          Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Көзі: yunews.kz