Суханбердиеваның ісі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Суханбердиеваның ісі

444

Smiley face

Білім және ғылым министрінің орынбасары болған Эльмира Суханбердиева өз кінәсін мойындады. Қалалық сотта өткен отырыста прокурор Нұрлан Бекмағамбетов осылай деді.

Сот процесі ашық өткенімен айыпталушы тарап журналистердің отырысқа қатысуына қарсылық танытты. Күдікті Суханбердиева «пара алды» деген айыппен ұсталып, 2 ай қамауға алынған еді.

Осы іске қатысты тағы бір дерек анықталды. Эльмира Суханбердиева өз қызметін асыра пайдаланып, көп балалы отбасынан шыққан балаларды және ерлігімен көзге түскен оқушыларды мереке кезінде марапаттау үшін оларға қымбат сыйлықтар табыстамақ болыпты. Бірақ бюджеттен қаражат қарастырылмаған соң қымбат ұялы телефондар мен планшет алуды «Орталық» мектебінің басшылығына жүктеген.

Мемлекеттік айыптаушы осыны ескере келе Эльмира Суханбердиеваға 6 млн 312 мың теңге көлемінде айыппұл салып, дүние-мүлкін тәркілеуді ұсынып отыр.

Айгүл Әмренова, күдіктінің адвокаты: - Суханбердиева пара алған жоқ. Ол ұялы телефондарды балаларға сыйлағысы келген. Қызметін асыра пайдаланғаны рас. Бірақ, алған затттарды өзінің жеке мүддесі үшін емес, ерлігімен көзге түскен балаларға тарту етпек болды. Сондықтан соттан күдіктіге қатысты жеңіл жаза қолдануын сұрап отырмыз,-деді.


Көзі: Yunews.kz