Солтүстік Қазақстан облысында алаяқ әйел зейнеткерлерді алдап, ақшаларын алып кеткен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Солтүстік Қазақстан облысында алаяқ әйел зейнеткерлерді алдап, ақшаларын алып кеткен

444

Smiley face

 

Полицияға алаяқтық және ұрлық туралы арызбен Петропавл қаласының тұрғындары жүгінген. Олар айтқан оқиғалар ұқсас болды. Олардың бірі ұлымен бірге тұрады, екіншісіне үнемі туыстары келеді.

Қылмыс кезінде екі зейнеткер бір үйде болған. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жәбірленушілерге бейтаныс әйел келіп, өзін алыс туыс ретінде таныстырған. Сенімге қол жеткізген ол қымбатшылық туралы әңгіме қозғап, азық-түлікті арзан бағамен алып қалуға көмектесуді ұсынған. Подгора ауданыңның 1927 жыллы туған тұрғыны оған 300 мың теңге көлемінде өз қаржысын берген. «Черемушки» ықшам ауданының 1940 жылы туған тұрғынынан алаяқ әйел құны 29 мың теңге тұратын ұялы телефонды ұрлап әкеткен.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті келіншекті бейнебақылау камералары бойынша анықтады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұрын РФ аумағында осындай алаяқтық қылмыстары үшін сотталған Қостанай облысының тұрғыны ұсталды. Бұл фактілер ҚР ҚК-нің 188 және 190-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдіктінің басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Көзі: Yunews.kz