«Солтүстік Қазақстан облысының әкімі тұрғындарды «конверттегі жалақы» туралы жасырын түрде хабарлауға шақырды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Солтүстік Қазақстан облысының әкімі тұрғындарды «конверттегі жалақы» туралы жасырын түрде хабарлауға шақырды

444

Smiley face

Облыстық әкімдікте мәжіліс өтіп, онда экономиканың нақты секторында жалақы көтеру мәселесі талқыланды. СҚО-да тұрғындардың табысы республикаға қарағанда 30% - ға төмен. Дегенмен, ағымдағы жылдың басынан бастап өсімнің оң динамикасы байқалады. Оның ішінде 48 мыңнан астамы – бюджеттік сала қызметкерлері.

СҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында орташа айлық жалақы 10%-ға артып, 113 мың теңгеге жетті. Жүргізілген талдауға сәйкес төмен көрсеткіштер АӨК, өнеркәсіп және құрылыста байқалады.

«Құрылыста жалақы төмен. Бізде бюджеттік құрылыстың 70% -на ақша бөлінеді. Яғни, жұмыс берушілер құрылыс материалдарынан және жалақыдан үнемдейді. Мемлекет барлық бағыттар бойынша бизнесті барынша қолдауда, бірақ жағдай жақсартуды қажет етеді», - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысы тұрғындарды белсенді болуға және кәсіпорындардағы еңбек шартының бұзылуы туралы хабардар етуге шақырды.

«Біз мониторинг жасап, сауалнама жүргізетін боламыз. Біздің кәсіпорын қызметкерлерін осы жұмысқа белсенді қатысуға шақырамын. Бізге төмен жалақы туралы, ақша конвертте берілетіні туралы ақпарат беріңіздер. Мұндай тәжірибе бүкіл әлемде қолданылады. Тұрғындардан шет қалмауды, бізді белсенді түрде хабардар етуді сұраймын», - деп атап өтті СҚО әкімі.

Өңір басшылығы кәсіпорындарда кәсіподақ жұмысы нашар жүргізіліп жатыр деп санайды. Қол қойылған Ұжымдық шарттардан да ешқандай нәтиже жоқ. Осы және басқа да мәселелер облыс әкімінің айтуынша, енді халықтың табысын арттыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында егжей-тегжейлі қаралатын болады. Мұндай комиссиялар құру аудандар мен Петропавл қаласының әкімдеріне тапсырылды.


Көзі: Yunews.kz