Ақтау қаласында теңіз жағажайынан адам мәйітінің сүйектері табылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтау қаласында теңіз жағажайынан адам мәйітінің сүйектері табылды

444

Smiley face

«Шора» суағар арнасынан жоғалып кеткен екі адамды іздестіріп жүрген волонтерлер қорқынышты олжаға тап болды. Куәгерлердің айтуынша, олар іздеу жұмыстарын жүргізіп жүргенде, жағалаудағы құмға көмілген адам сүйектерін тауып алған.

Оқиға орнына келген полицейлер «Три оф лайф» демалыс базасына жетпей, заттарымен бірге құмға көмілген адам сүйектерін қазып алған. «Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалар, оның ішінде геномдық сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері тек 1,5 айдан кейін ғана белгілі болады», деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz