Элиталық сағаттың төртеуі бір кеште сатылып кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Элиталық сағаттың төртеуі бір кеште сатылып кетті

444

Smiley face

Төрт жұп элиталық сағат құны – 190 мың евро. Оларды Париж орталығында төрт адамнан ұрлап кеткен, деп хабарлайды РИА Новости.

Дүйсенбі күні Бразилиядан келген бизнесменге шабуыл жасалды. Оның артында белгісіз тұлға келіп, арқасынан соғып, құны 130 мың евро «Richard Mille» маркалы қол сағатын жұлып алған.

Осыдан кейін екінші тонау болды. Бұл жолы құны 18,5 мың евро болатын сағатты ұрлап кетті. Сонымен қатар, басқа көшеде екі қаскүнем БАӘ турисін самокаттан құлатып, құны 11 мың евро болатын сағатты алып кеткен. Төртінші ұрлық түнгі уақытта орын алды. Төрт қаскүнем ер адамнан темекі шегуді сұраған, одан кейін шабуыл жасаған. Тонаушылар жасырынған кезде, жәбірленуші оның 31 мың евро «Rolex» сағатын ұрлап кеткенін білген.

Жалпы, осы төрт ұрлықтың шығыны 190 мың евроны құрады. Барлық төрт жәбірленуші ұрлық туралы өтініш берді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Көзі: Yunews.kz