Сұлулық құрбандықты талап етпейді! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Сұлулық құрбандықты талап етпейді!

444

Smiley face

Парфюмерлік-космитикалық өнімнің техрегламент талаптарына сәйкестігін бағалау туралы өзгерістер күшіне енгенге дейін берілген немесе қабылданған құжаттардың қолданылу мерзімі анықталды. Осы құжаттардың жарамдылық мерзімі ішінде дайындалған парфюмерия мен косметиканы өндіру және айналымға шығару мүмкіндігі қарастырылған. Бұдан басқа, құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кәсіпкерлер мұндай тауарларды ЕАЭО бірыңғай нарығында олардың жарамдылық мерзімі ішінде сата алады.

Естеріңізге сала кетейік, "парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" Одақтың техрегламентіне өзгерістер 2020 жылдың 6 мамырында күшіне енеді. Олар парфюмерлік-косметикалық өнімнің ингредиенттік құрамына қойылатын талаптарды өзектендіруге қатысты, сутегі көрсеткішінің (рН) мәніне қойылатын талаптарды, микробиологиялық төмен қаупі бар парфюмерлік-косметикалық өнімге арналған микробиологиялық көрсеткіштер жөніндегі талаптарды, таңбалауға қойылатын талаптарды нақтылайды, парфюмерлік-косметикалық өнімнің тұтынушылық қасиеттеріне қатысты жасалған мәлімдемелер негізділігінің жалпы өлшемдерін белгілейді.


Көзі: yunews.kz