Сәтсіз әрекет - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Сәтсіз әрекет

444

Smiley face

Алматы полицейлері 33 жасар үй иесінің суицидінің алдын алды, деп хабарлайды Алматы ІІД.

"Ер адам асүй пышағы мен газ баллонына жақын жерде оттықпен тұрған. Полицейлер ер адамның қолынан оттықты алып үлгергенімен, ол өзіне бірнеше рет қолы және мойны пышақ сұққаны анықталды. Жедел жәрдем шақыра отырып, полиция қызметкерлері дер кезінде жарақаттанғанды дәрігерлерге беріп, оны жақын маңдағы ауруханаға жатқызуға көмектесті. Қазір зардап шегушінің денсаулығы қауіп төніп тұрған жоқ және ол дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады Алматы облысы ЖП баспасөз қызметі.

Жәбірленуші жергілікті психоневрологиялық диспансерде есепте тұр және отбасымен бірге "Жастар үйі" деп аталатын бөлмелердің бірінде, яғни балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілеріне арналған уақытша жатақханада тұрады. Өзіне өзі қол жұмсау фактісі бойынша тиісті тексеру жүргізіледі.


Көзі: yunews.kz