Саябақ өмірге қауіпті! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Саябақ өмірге қауіпті!

444

Smiley face

Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық саябақтың балалар аттракциондарына қызмет көрсетумен айналысатын "Magic Park Astana" ЖШС компаниясы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласындағы тексерісін жүргізді.

"Тексеру барысында аталған ұйымның электр қауіпсіздігі, атап айтқанда электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтамайтыны анықталды.:

- кейбір аттракциондарда жерге тұйықтау өткізгіштері жоқ, бұл электр қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейді;

- тарату құрылғыларының, шкафтардың есіктерінде кей жерлерде ескерту плакаттары мен қауіпсіздік белгілері жоқ;

- кейбір аттракциондар электравтоматикамен жабдықталмаған;

- парк аумағы бойынша кабельдік желілер кейбір жерлерде дұрыс салынған, бұл электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейді",-делінген ведомствоның баспасөз қызметінен.

Тексеру нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.


Көзі: yunews.kz